Abstract
Робототехника қазіргі әлемнің дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл адамзатқа әкелетін пайдасына байланысты жетілдіруге ерекше назар аударылатын сала. Өнеркәсіп, медицина, әскери-өнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, білім беру – робототехникалық механизмдер кеңінен қолданылатын салалардың бірнеше мысалдары. Бұл жұмыста робототехниканың қолдану саласына шолу берілген. Вербальді -интерактивті роботты жобалау кезеңдері және басқару, InMoov роботының дизайны негізінде роботтың негізгі бөліктерін жасау үрдістері қарастырылды. Роботатты басқару жүйесін жүзеге асыру үшін Python бағдарламалау тілі қолданылды.