Abstract
Бұл жұмыста жол жабындарының жай-күйін бақылаудағы талшықты датчиктің конструкцияларына талдау жүргізілді. Талшықты Брэгг торына (ТБТ) негізделген талшықты датчиктің (ТД) принциптік сұлбасына талданып, құрастырылды. Олардың сенсорлық жүйелерде қолдану сұлбасы келтірілген. Талшықты Брэгг торына негізделген талшықты датчиктің жол жабындарының жай-күйін бақылауда жол жабынына қоршаған ортаның температурасы және сыртқы факторлардың әсерінен деформация оған әсер етеді. Бұл әсерлерді қарастырғанда бір талшыққа екі ТБТ жазылған сенсорлық жүйе негізінде қарастырылды. Екі ТБТ бір-бірінен толқын ұзындығымен айырмашылығы бар.