Abstract
Мақала әлемдік зерттеушілердің практикалық тәжірибесіне назар аудара отырып, мобильді оқыту тақырыбын қарастырады. Мобильді технологиялардың шет тілдерін, атап айтқанда, ағылшын тілін жоғары оқу орындарында оқыту процесіне интеграциясы қарастырылған. Мобильді құрылғылардың кең таралуына және осы мәселеге қызығушылығына қарамастан, мобильді оқытуды практикалық қолдану төмен деңгейде қалып отыр. Мақала білім беру процесіне мобильді технологияларды енгізудің әртүрлі кезеңдері қарастырылған. Сөйлеу дағдыларын дамыту, бақылау және бағалау жүйесін ұйымдастыру сияқты мобильді жобаларды оқу үдерісінде қолданудың негізгі бағыттары қамтылған. Сондай-ақ заманауи білім беруде мобильді технологияларды интеграциялаудың тенденциялары мен перспективалары атап өтілген.