Негізгі мектеп оқушыларының контекстік есептер арқылы математикалық модельдеу мен функционалдық математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-3-92-111
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада 9-сынып оқушыларының функционалдық математикалық сауаттылығын контекстік тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – білімді нақты өмірлік жағдаяттарда қолдануға, математикалық модель құруға, есептерді шешуге және нәтижелерді интерпретациялауға бағытталған әдістемелік жүйені әзірлеп, оның тиімділігін эксперименттік тұрғыдан бағалау. Зерттеуге 78 оқушы қатысты: эксперименттік топта – 38, бақылау тобында – 40 оқушы. Педагогикалық эксперимент 8 апта бойы 40 сабақ көлемінде жүргізілді. Бастапқы және қорытынды диагностика арифметика, пропорциялар мен пайыздар, алгебралық модельдеу және логикалық ойлау, өлшеу мен геометрия, деректер мен графиктерді талдау мазмұндық бағыттарын қамтыған тапсырмалар арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер Пирсонның χ² критерийі негізінде өңделді. Қорытынды бағалауда жоғары деңгейге жеткен оқушылар үлесі эксперименттік топта 47,4%, бақылау тобында 17,5% құрады; төмен деңгей көрсеткіштері тиісінше 15,8% және 42,5% болды. Топтар арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді екені анықталды х^2=10,19;df=2;p=0,006. Алынған нәтижелер ұсынылған әдістеменің оқушылардың нақты жағдаяттарды математикалық тұрғыдан тұжырымдау, сәйкес әдістерді таңдап қолдану және алынған шешімдерді түсіндіру дағдыларын дамытуға тиімді ықпал ететінін көрсетті.