«Пантюркизм» және қазіргі түркі елдері ынтымақтастығының ерекшелігі

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/irilj113120261
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі таңда Еуразия кеңістігінде орналасқан түркі елдерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгені белгілі. 2021 жылы Түркі кеңесінің «Түркі мемлекеттері ұйымына» айналуы бұл елдердің өз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін көрсетті. Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілген сайын белді державалар «пантюркизм» идеологиясының қайта жандануы мүмкін деп алаңдайды. Бұл жағдай әсіресе Түркия және түркі елдері арасында болып жатқан ынтымақтастық қатынастардан үнемі саяси астар іздеп отыратын Ресей зерттеушілерінен байқалады. Мақалада «пантюркизм», «түрікшілдік» және «Ұлы Тұран» ұғымдарының шығу тегі мен мәні зерттеліп, осы ұғымдарға қатысты отандық және шетелдік авторлардың пікірлері жан-жақты талданады. Бұл ұғымдардың қазіргі қолданыстық мәні мен саяси астарына ерекше назар аударылады. Автор қазіргі «пантюркизмнің» қауіп төндірмейтіні туралы өз көзқарасын негіздеп, осы уақытқа дейін түркі елдерінің өзара ынтымақтастықта қол жеткізген табыстарына сүйене отырып, бұл елдер арасындағы қарым-қатынастың ешкімге қауіп төндірмейтін әлемдік ықпалдасудың бір көрінісі екендігін негіздейді. Зерттеу жұмысында автор түркі елдері арасындағы өзара ынтымақтастықтың қазіргі мәні қандай да бір қауіп төндіретін жағдай емес, керісінше әлемдік өркениетті жан-жақты дамытуға, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосатын өзара ынтымақтастық ерекше қатынастар екендігін түйіндейді. Түйін сөздер: Түркия, түбі бір түркі елдері, пантюркизм, түрікшілдік, Ұлы Тұран, Түркі мемлекеттерінің Ұйымы, Ресей.