Abstract
Түркі тілдеріндегі аспект (түр) пен шақтың мағынасы мен формасының. берілуі лингвистикада әлі де өз шешімін таппаған мәселенің бірі. Бұл мақалада түркі тілдерінің лингвистикасында түр мен шақтың мағынасы мен формасының диахрония мен синхронияда дамуы қарастырылған. Түркітанушы ғалымдарының түркі тілдерінде етістіктің түр категориясы шақ категориясы арқылы берілетіні және түркі тілдеріндеаспект грамматикалық тұрғыда дербес категория статусына ие болмағандықтан, шақ категориясы арқылыкөрсетілетіні нақты мысалдармен дәлелденген.Түркі тілдерінде түр мен шақ мағынасы тығыз байланысты. Түркі тілдерінде грамматикалық аспект ұғымы жоқ болғандықтан, түркі тілдерінде аспект мағынасы мүлдем жоқ деп айтуға болмайды, өйткені түркі тілдерінде шақ мағыналары түрдің қосымша реңктерін қабылдап алған.