ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.39.14.024
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдарында Қарағанды медицина университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасында «Стоматология» мамандығында оқитын студенттер «Қазақ медицинасының тарихы» атты элективті пәнді өтті. Пәннің мақсаты Қазақстандағы медицинаның әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде дамуына тарихи-танымдық талдау болды. Жаңа элективті пән өткізілгеніне орай, зерттеудің мақсаты білім алушылардың аталған пәнді қалай қабылдағанын және олардың пікірлерін анықтауға бағытталды. Білім алушылардың өткен элективті пәннен алған әсерін анықтау үшін сауалнаманы өткізуге жөн көрдік. Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 100% аталған пәнге оң баға берді. Дәріс материалдары студенттердің көпшілігіне түсінікті және қолжетімді болды және бұл пән олардың әрі қарай білім алуына да пайдалы болды. Білім алушылар келесі тақырыптарға: «Қазақ медицинаның тарихына кіріспе: мақсаты, міндеттері, пәні мен нысаны, дереккөздері, тарихнамасы және пәннің әдістері», «Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері», «Қазақ медицинадағы емдеу әдістерінің этнографиялық сипаттамасы» және «Қазақстан Республикасындағы заманауи денсаулық сақтау жүйесін жобалау. Қазақстанның медициналық жүйесінің даму тенденциялары мен болашағы» қызығушылық танытты. Респонденттердің 95% болашақта осы пәнді оқудың пайдалылығы мен қажеттілігіне, пәнді оқу барысында қызықты ақпарат алуына байланысты басқа студенттерге де ұсынамыз деп атап өтті. Осы мәлімет олардың сауалнамадағы жауаптарымен расталады.