Лингвомәдени білім мен деректерді лингвистикалық зерттеулер және филологтарды оқыту барысында қолдану

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-263-272
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала лингвомәдени білім мен лингвомәдени деректерділингвистикалық зерттеулер жүргізу және болашақ филологтарды (лингвист-педагогтер мен лингвист-зерттеушілерді) оқыту барысында ескерілетін маңыздықағидаттар мен міндеттерді зерделеуге, лингвомәдениеттану ғылымыныңмаңызды категорияларын лингвомәдени білім ретінде қалыптастыру қажеттілігіннегізгі тұжырымдар ретінде ұсынуға арналады. Мақаланың тұжырымдарықазіргі кәсіби білім беру және лингвистикалық білім беру салалары үшінмаңызды, себебі болашақ тілшілерді (педагогтер мен зерттеушілерді) танымдық-аксиологиялық білім беру мазмұнында дайындауға бағдарлайды.Мақаланың басты мақсаты – болашақ филологтарды (тілшілерді) педагогикалыққызметке және лингвистикалық зерттеулерге кәсіби дайындау барысындалингвомәдени білім мен лингвомәдени деректердің қолданылу қағидаттарынжәне аксиологиялық мәнін ашып, лингвомәдениеттану ғылымының осыбағыттағы категорияларын зерделеу. Ол үшін келесі зерттеу міндеттеріалға тартылды: «лингвомәдениеттану» ұғымын ғылыми тұрғыдан нақтылау;лингвомәдениеттану ғылымының негізгі тұжырымдарын, қағидаттарын талдау,сипаттау және бағалау; лингвомәдени білім мен лингвомәдени деректертуралы тұжырым қалыптастыру; тіл мен мәдениет мәселесіне қатысты негізгікатегориялар мен бірліктерді топтастыру, типологиялық талдау жасау;болашақ филологтарға (тілшілерге) кәсіби лингвистикалық білім берудебасшылыққа алынатын педагогикалық және лингводидактикалық міндеттердіңбайланысын айқындау; лингвомәдени білімнің құндылығы мен мәнін анықтау;болашақ филологтарды оқыту үдерісінде қалыптастыруға қажет лингвомәдениқұзыреттіліктер мазмұнын сипаттау.Зерттеу міндеттерін жүзеге асыру үшін келесі әдіс-тәсілдер қолданылды –теориялық тұжырымдар қалыптастыру үшін шолу, сипаттау, талдау, сұрыптау,жүйелеу, топтастыру, талқылау, болжау, салыстыру, дәйектеу сияқты жалпығылыми әдістер кеңінен қолданылды. Лингвомәдени білім мен лингвомәденидеректерді зерделеу үшін лингвистикалық зерттеу әдістері қолданылды, олар– типологиялық әдіс, семантикалық әдіс, лингвокогнитологиялық талдау,модельдеу.