СИМВОЛДЫҢ МӘТІН ТҮЗІЛІМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.3-04
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мәтін құрылымындағы символдың орны қарастырылады. Адамзат тарихымен мәдениетінде, әдебиетте түркі дүниесінің бір тармағы ретінде танылған қазақ ұлтының санғасырлық рухани құндылықтарының символға айналуы зерттеледі. Поэтикалық туынды мәтініндегісимволикалық бейнелеулердің тарихы мен қолданысы талқыланады. Тиісінше, мақалада символдыңшығу тарихы, этимологиясы, поэтикалық туындыларда көрініс табуы басты нысанаға алынып,әдебиеттанушы ғалымдардың символ туралы теориялық ұстанымдары негізінде қарастырылады. Қазақақындары шығармаларындағы мифтік таным мен символдық бейнелеулерді салыстырыла келе, мәтінастарындағы ұлттық рухани құндылықтар айқындалады. Символ – көркемдік кеңістікте тұспалды,ишаралы, астарлы мәнімен ерекшеленетін құбылыс. Адамзат танымында айнала қоршаған дүние"Keruen" scientific journal №3, 80 vol, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066№3, 80 vol, 2023 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 53әуелі таңба түрінде белгіленсе, уақыт өте келе таңбалардың танымдық қызметі символдың поэтикалықмәнімен сабақтасқаны белгілі. Таңба әрбір сөздің, бүкіл мәтіннің мағынасын арттырады, кеңейтеді.Символистер үшін таңба – мағынасыз деталь емес, керісінше бастапқы шындықтың белгісі. Осығанорай, мақалада мәтіннің символдық қабаты қазіргі поэзия туындылары негізінде қарастырылып, өлеңқұрылымындағы символикалық мән, оның мәтінтүзілімдегі орналасу тәсілі зерделенеді. Соныменқатар, мақалада әлемдік философия мен мәдениетте символикаға қатысты қалыптасқан дәстүр,концептілер, үрдістер де қамтылады. Әрине, мұның басты факторы – көркемдік-эстетикалық таным.Бұл орайда жалпыадамзаттық құндылықтарға жататын мифтік ойлау жүйесі мен символдық кодтыңбайланысы маңызды екені белгілі. Осылайша, адамзат санасындағы сакральді мәндерді тануғаболады. Зерттеу барысында К. Юнг, М. Бейкел, Д.А. Круз, А.Ф. Лосев, Ф. Крейцер, А. Байтұрсынұлы,Қ. Жұмалиев, т.б. әдебиеттанушы ғалымдардың тұжырымдары мен пайымдары негізге алынады.Сондай-ақ, қазақ поэзиясының белгілі өкілдерінің өлеңдері талдау нысанына алынып, символдыңмәтіндегі қызметі туралы ой түйінделеді.