Кенен Әзірбаев шығармашылығы: шығыс сюжеттері және олардың поэтикалық түрленісі

Turkic Studies Journal, 2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2022-4-78-98
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада авторлық ауызша поэзияның көрнекті өкілі КененӘзірбаевтың түрлі жанрдағы шығармалары, Шығыс құндылықтарынан,әсіресе, Үнді әдеби ескерткіштерінен енген «көшпелі сюжеттерге»негізделген оқиғалар, мотивтер және желілер қарастырылған. Авторқазақтың халық ақынының «Бақ, қыдыр мен ынтымақ» атты мысал өлеңіне,«Үш кедей» ертегісіне, «Бұрынғы өткен батырлар» дастанына суырыпсалмалық дәстүрмен жырланған шығармалардың мазмұны мен поэтикалыққұрылымын Нахшаби «Тотынамасындағы» тәмсілдердің түпкі мәтініменжәне әр жылдарда Хайдари, ән-Наари, Фаизханұлы, Тобыш жариялағанкейінгі нұсқалармен салыстыра отырып ғылыми талдау жасаған.Зерттеу нәтижесінде бастапқы жазба ескерткіштер мен фольклорлықдереккөздердің нақты мәдени-тарихи ортада көркем тұрғыдан түрленуініңжәне жеткізілуінің көп сатылы үдерісі, сондай-ақ оларды жергіліктіаудиторияның қажеттіліктеріне орай бейімдеудің ерекшеліктері ашыпкөрсетілген. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны шебер игерген, ғаламатәншілік өнерімен, ерекше дауысымен дараланған Кенен Әзірбаевтыңжоғары орындаушылық шеберлігі оның осы аталған шығармаларыныңқалың жұртқа кеңінен танылып, жан-жақты таралуына жол ашты. КененӘзірбаевтың теңдессіз өлең-толғауларды жырлап шығарған арқалы ақынболғаны ғана емес, сонымен қатар, шығыстың сөз өнерін жетік білгені,саналы ғұмырында қазақ пен қырғыздың ауызша халық әдебиетінің бағажетпес үлгілерін жинаумен және өңдеумен айналысқаны, ал бұл үрдісоның шығармаларындағы фольклор, ауызша поэзия және жазба әдебиетэлементтерінің үйлесімді синтезінен байқалатыны атап көрсетіледі.