Abstract
Бұл жұмыста қазіргі заманғы биометриялық аутентификация жүйелерінің сипаттамалары талданды және ақпараттық қауіпсіздік үшін осы саланың даму динамикасы талданды. Бет бейнесін өңдеу әдістерін әзірлеуге елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдар атап өтілді. Биометриялық аутентификация технологиялары мен заманауи ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріне шолу жүргізілді. Зерттеу жұмысының міндеттерінің жалпы сипаттамасы және есептің қойылымы берілді. Бет кескіндерін анықтау және тану әдістерінің сипаттамалары келтірілді. Сипатталған бетті анықтау әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Бет бейнесін тану жүйесінің функционалды сызбасы көрсетіліп, бетті тану және оқылатын нейрожеліні қолдана отырып символдарды анықтау жүйесін әзірленді. Жасалған жүйені тестілеу барысында жүйенің дұрыс жұмыс жасай отырып, қалыптасқан талаптарға сәйкес барлық тапсырмаларды орындайтындығы көрсетілді.