Abstract
Мақала өнімді дайындауға қажетті шикізат пен көкжидек қосылған дәндік батончиктің микробтық ластануын, яғни микробиологиялық сапа көрсеткіштері мен санитарлық-химиялық көрсеткіштерін бағалауға арналған. КМАФАнМ (мезофильді аэробты және факультативтік-анаэробты микроағзалардың саны) көрсеткіші зерттелген шикізат пен дәндік батончик үлгілерінде КО ТС 021/2011 талаптарына сәйкес екені анықталды. Өндіруші жариялаған дәндік батончиктің технологиялық процестері дұрыс тамақтануға арналған өнімнің қасиеттерін алуға мүмкіндік беретінін көрсетті.