ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i3.921
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аңдатпа. Бүгінгі қазақ театр режиссурасының бағыттары мен даму перспективаларын анықтауға арналған зерттеулер отандық театртанудағы басты ғылыми мәселелердің қатарынан орын алады. Қазіргі кезде заманауи әлемдік театр тенденцияларын жаңа көзқараста танитын, тәуелсіздік пен елдік рухта өнер құбылыстарын жасауға ұмтылған қазақстандық жаңа буын режиссерлердің қолтаңбасын анықтау тақырыптың өзектілігін құрайды. Әдістер: зерттеу жұмысының әдістемелік негізін жалпы өнертанушылық ұстанымдармен қатар қойылымды талдаудың хронологиялық, театртанушылық, мәдени сараптамалық сондай-ақ құрылымдық тәсілдері құрайды. Жұмыста режиссерлердің қазіргі шығармашылық ізденістері салыстырмалы-сараптамалық, ғылыми жүйелеу, өнертанушылық талдау және кешенді зерттеу әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Міндеттері: әлемдік театр дамуындағы парадигмалық өзгерістер мен өнерді зерделеудің қазіргі жағдайында қазақ театр режиссурасындағы жаңа құбылыстар қарастырылады; заманауи медиатехнологиялар мен театр өнері арасындағы үндестіктің күшейуі спектакльдің жаңа формасы мен оның контентін ерекше жасауға мүмкіндіктері талданады; режиссурада, сценографияда, актерлік өнерде бүгінгі театрдың сан-алуан бейнелік тілдерінің пайда болуы және оның актерлік өнердің жаңа бағытта дамуына әсерлері анықталады. Нәтижелер: Дина Жұмабай, Фархат Молдағали, Елік Нұрсолтан, Әлібек Өмірбекұлы, Аридаш Оспанбаеваның қойылымдарындағы постдрамалық үрдістердің айшықтары мен театр эстетикасындағы режиссерлік тың ізденістері айқындалды; аталған режиссерлердің спектакльдері визуалды метафораларымен, символдарымен, семиотикалық белгілерімен бүгінгі қоғамда орын алып отырған мәселелерді өткір театрлық тілмен айта алу даралықтары зерделенді. Зерттеудің тәжірибелік маңызы: қазақ театр режиссерлерінің драматургиялық материалмен және актерлермен жұмыс істеу тәсілдері Орта Азия театр кеңістігіндегі басқа театрлар өзіндік тәжірибе ретінде қолданысқа енгізуге болатындығында және қазақ театрының әлемдік театр үдерісінде болу үшін әлі де шығармашылық дамудың қажет екендігін ескеруде. Сонымен қатар, оқырман халықаралық деңгейде қазақ сахна өнерінің әлемдік театрдағы өзекті идеялар мен формаларды пайдалана отырып, қазақ режиссерлерінің театрдың ұлттық келбетін жоғалтпай жұмыс істеп жатқандығымен таныса алады.