БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІНЕ ҮЙРЕТУ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1246
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі білім беру процесінде цифрлық платформалар мен онлайн оқыту құралдарының кеңінен қолданылуы нәтижесінде білім алушылардың оқу белсенділігі мен жетістіктері туралы үлкен көлемдегі деректер жиналады. Бұл деректерді кешенді талдау және визуализациялау білім беру сапасын арттыруға, жеке оқушыға бағытталған стратегияларды жасауға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында Big Data технологиялары, графикалық және интерактивті визуализация әдістері, сонымен қатар деректерді алдын ала өңдеу және өлшемді азайту тәсілдері қарастырылады. Бұл жұмыста үлкен көлемді деректерді (Big Data) күрделі графикалық өңдеу және визуализациялау әдістері қарастырылады. Қазіргі цифровизация жағдайында білім беру, ғылым, өндіріс және басқару салаларында ақпарат көлемінің артуы деректерді талдау мен көрнекі түрде көрсетудің жаңа технологияларын қажет етеді. Зерттеуде Big Data түсінігі, оның көлем, әртүрлілік, өңдеу жылдамдығы және құндылық сияқты негізгі сипаттамалары талданады. Сонымен қатар, білім алушыларға үлкен деректерді визуализациялауды оқыту әдістемесі, оқу аналитикасының білім сапасын арттырудағы рөлі және аналитикалық ойлауды қалыптастырудың педагогикалық маңызы көрсетіледі. Үлкен деректерді өңдеу мен визуализация әдістерін меңгеру болашақ мамандардың цифрлық сауаттылығын дамытуға, нақты шешім қабылдау қабілетін жетілдіруге және кәсіби тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.