РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТОҒЫСУЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2p273-286
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада әдебиетші ғалым Рахманқұл Бердібайдың сан тарапты ғылыми еңбектерінің ұлттық әдебиеттанудағы зияткерлік сипаттағы маңызы қарастырылады. Коммунистік жүйе қысымындағы қазақ әдебиеті тарихының аса ділгір тақырыптарын ұлт тарихында қордаланып қалған көкейкесті мәселелермен тығыз байланыста талдауының өзектілігі сараланады. Тоталитаризм қыспағындағы әдеби мұраға, ұлттық құндылықтарға, Отан тарихынындағы қилы кезеңдерден жазылған тарихи тақырыптағы І.Есенберлин романдарына елдік мүдде тұрғысынан объективті баға беруінің бүгінгі тәуелсіздік дәуіріндегі маңызы байыпталады.Ғылыми зерттеулеріндегі талдауларында филология және тарих ғылымдарының өзара тоғысып жатуының келелі сипаттары айқындалады. Әдебиеттанушы ғалым Р.Бердібайдың ғылыми еңбектері ұлттық әдебиеттанудың аса өзекті мәселелерін кешенді талдауымен маңызды. Ғалым еңбектерінде зерттеу нысанына алынған тақырыптар жүйесі өте ауқымды. Әдебиетші қазақ әдебиетінің тарихымен қатар фольклористика, түркітану бағытындағы күрделі зерттеулер жүргізді. Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері Отан тарихының келелі мәселелерімен сабақтастықта зерделеген ғалым әдебиеттанумен қатар тарих ғылымының ғылыми қағидаттарын басшылыққа алып отырды.Мақала XX және XXI ғасырлар тоғысындағы зияткерлік тарихты қазақ тарихшылары мен әдебиетшілерінің еңбектері арқылы пәнаралық зерттеу тұрғысынан байыптауға мүмкіндік береді.