Діни саладағы дерадикализация және оңалтудың институционалдық архитектурасы: отандық және халықаралық тәжірибе

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.65608/qut.2026.2.05
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Осы мақала Қазақстан Республикасында және шетелде дін саласындағы дерадикализация және оңалту мәселелерін қарастырады. Зерттеу отандық және шетелдік заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдауды қамтитын кешенді әдіснамаға негізделген. Сонымен қатар радикалды топтардың қызметінен зардап шеккен тұлғалармен және террористік белсенділік аймақтарынан оралған репатрианттармен жұмыс жасау бойынша қазақстандық ғалымдар мен мамандардың практикалық тәжірибесі пайдаланылды. Зерттеу барысында Қазақстанның осы саладағы мемлекеттік саясатының күштік шараларға негізделген тәсілден бастап, ерте анықтау, алдын алу және кешенді оңалтуға бағытталған неғұрлым теңгерімді модельді қалыптастыруға дейінгі эволюциясы айқындалды. Теологиялық жұмыс, медициналық, психологиялық, құқықтық қолдау, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу шараларын қамтитын көмектің құралдары мен тетіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Авторлар қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы негізінде іске асырылатын бірегей модель қалыптасқан деген қорытындыға келеді. Дегенмен бұл модельде жетілдіруді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Жалпы алғанда, дерадикализация мен оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесін талдау қазақстандық модельдің пәнаралық және ведомствоаралық тәсілдің тиімділігін көрсететінін және одан әрі ғылыми, практикалық зерттеулер үшін өзекті екенін дәлелдейді.