ЦИФРЛЫҚ ТЕҢСІЗДІК: ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2024.4.4.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қазақстан өңірлеріндегі цифрлық теңсіздік мәселесі жан-жақты талданды. Зерттеудің негізгі мақсаты -қалалық және ауылдық аймақтар арасындағы цифрлық алшақтықтың деңгейін анықтау, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық салдарын кешенді түрде бағалау болып табылады.Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы талдау, статистикалық деректерді өңдеу, жүйелік және құрылымдық тәсілдер қолданылды. Зерттеу барысында интернет инфрақұрылымының сапасы, жылдамдығы мен тұрақтылығы, сондай-ақ халықтың цифрлық қызметтерді пайдалану деңгейі бойынша өңірлер арасында салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар, цифрлық теңсіздік көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі факторлар анықталды.Зерттеу нәтижелері мегаполистерде интернет жылдамдығының жоғары екенін, цифрлық қызметтерге қолжетімділіктің кеңейгенін көрсетті. Ал ауылдық және шалғай аймақтарда инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, байланыс сапасының төмендігі және цифрлық қызметтерді пайдалану деңгейінің шектеулілігі байқалды. Бұдан бөлек, цифрлық теңсіздіктің негізгі себептері ретінде инфрақұрылымның әлсіздігі, цифрлық сауаттылық деңгейінің әркелкілігі, халықтың табыс деңгейінің айырмашылықтары және географиялық ерекшеліктер айқындалды.Зерттеу барысында цифрлық теңсіздіктің білім беру сапасына, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерге, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікке және өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсер ететіні дәлелденді. Қорытындысында цифрлық алшақтықты азайту мақсатында инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық дағдыларын арттыру, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту және өңірлік саясатты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды.