Орта таптың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатының көрсеткіштері бойынша іске асырылған мемлекеттік басқару шараларының тиімділігін бағалау: Қазақстан, Малайзия және Оңтүстік Корея тәжірибесінің салыстырмалы талдауы

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51582/interconf.19-20.12.2025.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстандағы орта таптың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару шараларының тиімділігі Малайзия және Оңтүстік Корея тәжірибесімен салыстырмалы түрде талданады. Зерттеудің теориялық негізі ретінде орта таптың «қысылған» жағдайы туралы халықаралық ұйымдардың (OECD, Дүниежүзілік банк) тұжырымдамалары, сондай-ақ кедейлік пен орта тап динамикасын сипаттайтын ұлттық стратегиялық құжаттар мен статистикалық деректер алынды. Мақалада орта тапты анықтаудың әртүрлі тәсілдері (медиандық табыстың 75–200%-ы, B40/M40/T20 табыс топтары, инклюзивті өсу индикаторлары) салыстырылып, Қазақстандағы кедейліктің айтарлықтай қысқаруы мен тұрғын үй саясатының («Нұрлы жер», ипотекалық бағдарламалар) әлеуметтік-экономикалық әсері бағаланады. Малайзияда B40/M40 тұжырымдамасы негізінде мақсатты трансферттер мен көпөлшемді кедейлік индекстері қолданылса, Оңтүстік Кореяда инклюзивті өсуге бағытталған, бірақ қайта бөлудің салыстырмалы түрде төмен тиімділігімен сипатталатын модель талданады. Салыстырмалы талдау нәтижелері Қазақстанда кедейлікті азайтудың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, орта таптың сапалық жағынан осал күйде қалып отырғанын көрсетеді: аймақтық теңсіздік, тұрғын үйдің қолжетімділігі, қарыз жүктемесі және әлеуметтік қорғау жүйесінің жеткіліксіз таргеттелуі орта таптың тұрақтылығын әлсіретеді. Малайзиядағы B40/M40 тәсілі мен Оңтүстік Кореядағы инклюзивті өсуге бағытталған саясат Қазақстан үшін орта тапты қолдау саясатын жетілдірудің институционалдық және әдістемелік бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.