MAPLE КОМПЬЮТЕРЛІК МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ИНТЕГРАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.91.3.011
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Maple бағдарламаларын интегралдық есептеулерде пайдаланудың ерекшеліктері қарастырылады. Жоғары оқу орнына жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру саласына түсетін білім алушылардың мансап жолы үшін математикалық білімінің жоғары болуы өте маңызды. Дегенмен, бұл сала бойынша оқытылатын білім беру бағдарламаларына түсуші әртүрлі білім алушылардың математикалық білімдері әрқашанда жоғары болмайды. Бұл олқылықты жоюдың тиімді стратегияларының бірі математикалық білім беруде оқыту әдістерін жетілдіру болып табылады. Бұл зерттеу 6В05449-Математика білім беру бағдарламасының екінші курс білім алушылары арасында математикалық білімдерін кеңейту және ондағы есептерді шығару жолдарын түсінуді жақсарту мақсатында Maple компьютерлік математикалық жүйесін пайдаланып интегралдық есептеулерді оқытудың жаңа тәсілін ұсынады. Зерттеуде математиканы меңгеру деңгейі әртүрлі 6В05449-Математика білім беру бағдарламасының екінші курс білім алушыларына интегралдық есептеулерді оқытуда Maple компьютерлік математикалықжүйесін практикалық сабақ барысында интеграцияланудың тиімділігі көрсетіледі.