Abstract
Мақалада қазақ тіліндегі күрделі етістіктерді автоматты тану мен корпуста белгіленім жұмыстарын жүргізу арқылы генеративті ЖИ модельдерін тұрғызуға арналған аннотациялау, тегтеу кезеңдерін жүзеге асырудың тәжірибесі баяндалған. Құранды етістіктер, құрама етістіктер, аналитикалық формалы етістіктерді тегтеудегі қиындықтар, ғылыми мәселелер, оларды шешудің жолдары, сондай-ақ белгіленім жұмыстарының ерекшеліктері жайлы айтылады. Үлкен тіл модельдерінің архитектурасында сол тілдің грамматикасы, ал оның трансформациясында сол тілдің грамматикалық модельдері жататыны сөзсіз. Заманауи лингвистиканың даму бағыты да осындай модельдерді әзірлеп, оны жетілдірумен байланысты болмақ. Сондықтан қазақ тіліндегі күрделі грамматикалық компоненеттердің бірі – күрделі құрамды етістіктерді модельдеу, оның морфологиялық белгіленім үлгісін ұсыну – қазақ тілін автоматтандыру жұмыстарындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Аталмыш мақала осы бағытта жүзеге асырылып жатқан тәжірибелерді бөлісу мақсатында жазылып отыр.