Abstract
XIX ғ. Осман империясы экономикалық және саяси әлсіреген елдің күйін кеше бастады. Империяның Батыс Еуропа елдерінен экономикалық және техникалық да-муы жағынан артта қалуы, оппозициялық көңіл-күйдің күшеюі және т.б. құбылылыстар билеуші режимді елде бірқатар салаларда реформаларды жүзеге асыруға итермеледі. Сол себепті сұлтан соты елдегі әділет жүйесінде бұрын-соңды болмаған ауқымды реформалар жүргізді.Мақалада 1868–1878 жылдары қабылданған «Мәжаллә» деп аталатын ислам құқы-ғы тарихындағы алғашқы азаматтық кодекс талданады. Мәжалләны дайындау және қа-былдау барысы және осы құжаттың ерекшеліктері ашылады. Мәжалләні кодификациялау үшін жүргізілген жұмыс ханафи мәзһабының фиқһы не-гізінде жасалды. Сондықтан да авторлардың айтуынша кодекстегі нормаларда басымды-лық басқа мазһабтарға қарағанда ханафи мазһабына берілген.