1920-1923 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh2025116107
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала 1921–1923 жылдардағы ашаршылықтың Батыс Қазақстандағы панасыз қалған балалардың тағдырын, балалар үйінің қызметінің тарихи аспектілерін зерттеуге арналған. Ашаршылық жылдары құрбан болған балалар саны мыңдап, орны толмас шығындарға әкелді. Жұмыстың мақсаты – ашаршылық салдарынан көшеде қамқорсыз, қараусыз қалаған балалардың тартқан зардаптарына тарихи және салыстырмалы талдау жасау. Анықталған зерттеу міндеттері архивтік құжаттарды, халық санағының материалдарын және статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, панасыз балалар тарихын салыстырмалы талдау, сонымен қатар статистикалық талдау әдісін қолдану болып табылады. Батыс Қазақстан өңіріндегі ашаршылықтың салдары, келтірілген залалдың ауқымы және олардың балалар өміріне әсері. Зерттеу әдістемесінің ерекшелігі балалардың панасыз қалуы туралы статистикалық деректерді әртүрлі өлшемдер мен модульдерге жүйелеу болып табылады. Балалар үйінің қызметі, үкіметтен бөлінген қаражаттардың тиісті шараларға жұмсалуы, балалар үйінің материалдық жағдайы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері ашаршылықтың салдарынан панасыз қалған балалардың демографиялық зардаптарын зерттеуде салыстырмалы әдісті қолдану бұл тақырыпты тереңірек зерттеуге ықпал ететінін көрсетті. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, сапалы талдау нәтижесінде алынған нәтижелер Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ашаршылықтың балалар өміріндегі толық демографиялық бейнесін жасау үшін эмпирикалық негіз болды.