Abstract
Мақалада Талас өңіріндегі ежелгі және ортағасырлық урбанизация процестері қарастырылады, бұл аймақ Орталық Азияның маңызды өңірлерінің бірі болып табылады. Автор археологиялық және тарихи деректерге сүйене отырып, қаңлы дәуірінен (б.д. I ғ.) бастап Темір әулеті кезеңіне дейінгі (XV ғ.) аралықтағы қоныстар мен қалалардың дамуын талдайды. Урбанизацияның төрт кезеңіне ерекше назар аударады: бірінші кезең (б.д. I–V ғғ.) – қаңлы мәдениетімен байланысты алғашқы қоныстардың қалыптасуы; екінші кезең (VI–IX ғғ.) – Түрік қағанаттары дәуірінде урбанизацияның өрлеуі, сауда мен қолөнердің дамуы; үшінші кезең (Х–XII ғғ.) – қарахандықтар кезеңіндегі қалалардың мәдени және экономикалық өркендеуі; төртінші кезең (XIII–XV ғғ.) – Моңғол империясы мен Темір әулеті кезеңіндегі қалалық құрылымның өзгеруі. Автор әр кезеңдегі урбанизацияның негізгі ерекшеліктерін, соның ішінде архитектуралық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерін анықтайды. Сондай-ақ қалалық орталықтардың қалыптасуындағы географиялық және мәдени факторлардың ықпалы зерттеледі. Урбанизация кезеңдері ескерткіштерден алынған үлгілерге жүргізілген С14 талдаулары бойынша нақтыланады. Зерттеу нәтижелері Талас өңірінің Орталық Азияның мәдени және экономикалық байланыстар жүйесіндегі тарихи рөлін, сондай-ақ урбанизацияның аймақтық қоғамның дамуы үшін маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.