Аннотация
Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ кәсіпорындағы оқу орталығында «MPS PA Compact-Workstation» атты оқу-зертханалық стендте кәдімгі сарысояу шөбінен экстракт алу процесі автоматтандырылған. Экстрагенттің деңгейін тиімді реттеу үщін Р, РI, РID-реттегіштердің айырмашылықтар мен артықшылықтары қарастырлған, нәтижелері график арқылы көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде экстракция процесін автоматтандыру үшін PID-реттегіш ұсынылған және PID-реттегіштің коэффициенттері пропорционалдық (P), интегралдық (I) және дифференциалдық (D) есептеліп анықталынған. Кәдімгі сарысояу (Xanthium strumarium L.) шөбінің жоғары конценртациядағы йодын сақтау үшін дәрілік препарат ретінде экстракт алынуы керек. Себебі дәрілік өсімдіктің ең басты ерекшелігі – бұл денеге жақсы сіңірілетін йодтың жоғары концентрациясының болуында. Экстракт алу технологиялық процесті экстракция деп атайды. Экстракция экстрактор деп аталатын аппараттың орындалады. Технологиялық процес барысында материалдық тепе-теңдік сақталып, экстрагент біркелкі жылдамдықпен дәрілік өсімдік шикізатына жіберілуі өте маңызды. Сондықтан экстракция үздіксіз жүру үшін деңгейді бақылау, әрі реттеу керек. Ал қалған параметрлер тек бақыланып отырса жеткілікті. Сол себептен экстракция үдерісін автоматтандыру деңгей параметрін реттеумен жүзеге асырылады. Түрлендіргіштер мен датчиктерден келетін ақпаратты қабылдауға және өңдеуге, сонымен қатар басқару сигналдарын беру, ақпаратты оператор станциясына жеткізу міндеттерін контроллер атқарады. Жұмыс станциясында орнатылған бағдарламаланатын логикалық контроллер – SIMATIC S7313С. Кілтті сөздер: Кәдімгі сарысояу, экстрагент, экстракция, MPS PA Compact-Workstation, деңгей датчигі, PID-реттегіш.