КӘДІМГІ САРЫСОЯУ (XANTHIUM STRUMARIUM L.) ШӨБІНЕН ЭКТРАКТ АЛУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/otzk1402
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ кәсіпорындағы оқу орталығында «MPS PA Compact-Workstation» атты оқу-зертханалық стендте кәдімгі сарысояу шөбінен экстракт алу процесі автоматтандырылған. Экстрагенттің деңгейін тиімді реттеу үщін Р, РI, РID-реттегіштердің айырмашылықтар мен артықшылықтары қарастырлған, нәтижелері график арқылы көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде экстракция процесін автоматтандыру үшін PID-реттегіш ұсынылған және PID-реттегіштің коэффициенттері пропорционалдық (P), интегралдық (I) және дифференциалдық (D) есептеліп анықталынған. Кәдімгі сарысояу (Xanthium strumarium L.) шөбінің жоғары конценртациядағы йодын сақтау үшін дәрілік препарат ретінде экстракт алынуы керек. Себебі дәрілік өсімдіктің ең басты ерекшелігі – бұл денеге жақсы сіңірілетін йодтың жоғары концентрациясының болуында. Экстракт алу технологиялық процесті экстракция деп атайды. Экстракция экстрактор деп аталатын аппараттың орындалады. Технологиялық процес барысында материалдық тепе-теңдік сақталып, экстрагент біркелкі жылдамдықпен дәрілік өсімдік шикізатына жіберілуі өте маңызды. Сондықтан экстракция үздіксіз жүру үшін деңгейді бақылау, әрі реттеу керек. Ал қалған параметрлер тек бақыланып отырса жеткілікті. Сол себептен экстракция үдерісін автоматтандыру деңгей параметрін реттеумен жүзеге асырылады. Түрлендіргіштер мен датчиктер‬ден келет‬ін ақпарат‬ты қабылдау‬ға жә‬не өңдеу‬ге, соны‬мен қа‬т‬ар басқару сигналдар‬ын беру, ақпарат‬ты оператор станциясы‬на жет‬‬кізу міндеттер‬ін контрол‬л‬ер атқара‬ды. Жұмыс станциясын‬да орнатыл‬ған бағдарламаланат‬ын логика‬лық контрол‬л‬ер – SIMAT‬IC S7313С. Кілт‬ті сөздер: Кәдім‬‬гі сарысояу, экстрагент, экстракция, MPS PA Compact-Worksta‬‬tion, деңгей датчи‬гі, PID-реттегіш.