Аннотация
Мақалада ет өнімдерінің микрофлорасы, еттің микроағзалармен ластану жағдайлары және олардың түрлеріне қатысты мәліметтер қарастырылған. Ет және ет өнімдерінің сапасына әсер ететін микроағзаларға сипаттама берілген. Ет микробиологиясы, жануарлар ағзасының микрофлорасы олардың жұғу жолдарына ерекше назар аударылған. Ет шұжықты өнімдерінің технологиясындағы бактериалды препараттары, сонымен қатар B.Longum бактериялды препараты және оны енгізудің технологиялық сызбасы көрсетілген. Pediococcuscerevisiae штаммының ет шұжықты өнімдер өндірісінде қолданылу аясы қарастырылған.