Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының піштірілген бұқашықтарының бордақылау сапасын жайып-семірту және қорада бағып-күту жағдайларында салыстырмалы бағалау

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.1(129).2120
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Түйін Алғышарттар мен мақсат. Бүгінгі таңда етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы бағып-күту жүйелері мен жоғары бордақылану әлеуеті бар генотиптерді сұрыптау есебінен өнімділікті арттыруға және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Зерттеудің мақсаты — әртүрлі бағып-күту жүйелерінде қазақтың ақбас, симментал тұқымдары және олардың будандары сияқты етті бағыттағы піштірілген бұқашықтардың өсу қарқыны мен азық конверсиясын салыстырмалы бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу 8 айдан 21 айға дейінгі жас шамасындағы үш генотиптік топтағы піштірілген бұқашықтарға жүргізілді. Мал жайылымдық жайып-семіртуден өтіп, соңғы кезеңде қорада бақыланатын рационмен бордақыланды. Зерттеу кезінде тірілей салмақ, орташа тәуліктік өсім, азық тұтыну және морфометриялық көрсеткіштер есептелді. Азық конверсиясы бір кг тірі салмаққа жұмсалған азық бірліктері арқылы анықталды. Деректерді сипаттамалық және вариациялық статистика әдістерімен өңдеу арқылы генотип пен ұстау жүйесінің әсері бағаланды. Нәтижелері. Ең жоғары тірілей салмақ, орташа тәуліктік өсім және дене индекстері III топтағы піштірілген бұқашықтарда (симменталдар мен будандар) тіркелді. Салыстырмалы өсу жылдамдығы мен тірілей салмақ коэффициенттері генотиптік ерекшеліктерді көрсетті: будандар ерте кезеңде артықшылыққа ие болса, симменталдар бордақылаудың соңына дейін басымдықтарын сақтады. Морфометриялық параметрлер және бұлшықет массасы мен дене толықтығын сипаттайтын индекстер III топ малдарының ет бағытындағы әлеуетін растады. Қорытынды. Алынған нәтижелер етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында рациондарды және бағып-күту жүйесін жобалау кезінде генотиптік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін көрсетеді. Аралас бағып-күту жүйесі өсу тұрақтылығы мен азық тиімділігін жоғарылатып, ал симменталдар мен будандар ең жоғары өнімділікті көрсетіп, шаруашылықтың экономикалық тиімділігін арттырады.