Аннотация
Ғылыми зерттеуде тергеу судьясының Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде сотқа дейінгі іс жүргізу сатысындағы сот бақылауының негізгі тетіктерінің бірі ретінде жауап алуының (айғақтарды сақтауға қоюының) процестік ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – айғақтарды сақтауға қою институтының құқықтық табиғатын, оны қолдану тәртібін талдау, сондай-ақ заңнамалық реттеу мен құқық қолдану практикасында орын алған мәселелерді анықтау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеудің өзектілігі жұмыс барысында үш фактормен сипатталды. Жұмыстың өзектілігі сотқа дейінгі кезеңде жиналған дәлелдемелерді жол беруі мен анықтығына кепілдіктерді арттыру, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың, ең алдымен, кәмелетке толмаған куәлер мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау қажеттілігімен байланысты. Қазақстанда тергеу судьясы институтының енгізілуі әділ сот талқылауын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болғанымен, алайда оны қолдану тәжірибесін қорғалуға құқығы бар куәнің іс жүргізу мәртебесіне және айғақтарды сақтауға қою ресімін регламенттеуге байланысты құқықтық олқылықтардың бар екені зерттеу жұмысында көрсетілді. Зерттеу барысында авторлар қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары мен ҚР Конституциялық Сотының қаулыларына талдау жүргізді.