«ҚАҢТАРОҚИҒАСЫНЫҢ» НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2024.88.4.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы наразылықтардың алғышарттары болған әлеуметтік-саяси тенденциялар қарастырылады. Онда 2019 жылдан бері елдің саяси өмірінде орын алған негізгі оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарына баса назар аудара отырып, жан-жақты талдау ұсынылады. Бұл кезең ең жоғары билік элитасының транзиті және қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты жаңа қоғамдық-саяси құрылымның пайда болуын білдіреді. Зерттеу наразылық қозғалыстарының себептерін қарастырады және саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің жүйеге қарсы протекционистік көңіл-күйдің өсуіне қалай ықпал еткенін көрсетеді. Зерттеу жұмысы барысында Қазақстандағы қоғамдық-саяси наразылықтар «Қаңтар оқиғасының» себебі тұрғысынан қарастырылып, олардың динамикасымен географиясы белгілі бір уақыт аралығын қамтитын процесс ретінде негізделеді. Бұлай белгілі бір уақыт аралығын белгілеуіміз мәселені нақты фокус қоюға және қаңтар оқиғасын зерттеудің методикасын анықтауға көмектеседі. Сол секілді, «Қаңтар оқиғасы» елдегі қиын экономикалық жағдайлардан туындайтын протесттік көңіл-күйдің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге елдегі либералдық құндылықтардың тоқырауынан туындаған дағдарыс ретінде қарастырылды. Қорытындылай келе, мақалада Қазақстандағы саяси наразылықтардың табиғаты мен құбылысын түсінуге талпыныстар жасалып, әрі қарайғы саяси шиеленістердің алдын алу бағытталған ұсыныстар әзірленді. Бұл тұжырымдар Қазақстандағы саяси процестердің эволюциясын және олардың мемлекеттің тұрақтылығымен демократиялануына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.