МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА СУДЫ ҚОЛДАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ–ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.82.4.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада су ресурстарын тиімсіз пайдалану салдарынан пайда болған мәселелерді білім беру арқылы шешу жолдары қарастырылады. Су – жердің негізгі табиғи жүйелерінің бірі және адамзат үшін алар орны бөлек. Қазіргі таңда суды қолдану сауаттылығын қалыптастыру, еліміздің ең басты мәселелерінің біріне айналып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты – елімізде мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың су ресурстарына байланысты сауаттылығын анықтау мақсатында әлеуметтік әсерін зерттеу. Мақалада 1900 жылдан 2025 жылға дейінгі суды тұтыну динамикасы талданып, суды қолдану сауаттылығы ұғымы кеңінен ашылды. Су ресурстарын тұтыну сауаттылығын қалыптастыру, әсіресе мектеп қабырғасындағы өскелең ұрпаққа су ресурстарына байланысты ақпараттармен қамтамасыз ету жайлы ұсыныстар жасалынды. Су тапшылығы мен суға сұраныстың артуы жағдайында, білім беру ресурстарын тұрақты басқаруға ықпал ететін құндылықтар мен әдеттерді өзгерту ұсынылады. Жас ұрпақтың су ресурстарына деген дұрыс көзқарасы, сауаттылығын қалыптастырудың бірнеше тиімді жолдары сызба-нұсқа түрінде талданды. Суды қолдану сауаттылығына байланысты шетелдік тәжірибелер қарастырылды. Қазақстанның әр аймағындағы оқушылардан күнделікті тұрмыс тіршілігінде қолданатын су сауаттылығы бойынша сауалнама алынып, жұмыс жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылар судың маңыздылығын, оны үнемдеудің қажеттілігін, таза судың жетіспеушілігінің салдарын жеткілікті түсінбейтіні сауалнама барысында анықталды. Сондықтан, мектеп бағдарламасына суды қолдану сауаттылығына байланысты тақырыптарды енгізу, әсіресе суды үнемдеу, су ресурстарын қорғау, суды тазалау және қайта пайдалану мәселелері қарастырылуы қажеттілігі, оқушылардың практикалық тәжірибесін арттыру маңыздылығы дәлелденді. Бұл шаралар, болашақ ұрпаққа таза суды қамтамасыз ету, экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды.