ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЫНАС ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫН ЗЕРТТЕУ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.80.3.014
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ұсынылған мақалада инклюзивті білім беру үрдісінің психологиялық аспектілері қарастырылды. Ерекше білім беру қажеттігі бар (ЕББҚ) балалардың ортаға жеңіл бейімделіп, табысты оқулары үшін, жеке жұмыс және дифференциалды білім беру әдістері педагогикалық нәтижелер бергенімен, олардың әсері әлсіз және тұрақты еместігі нақты тәжірибеден алынған кейстер арқылы талданды. Осы әдістердің әсерлілігін арттыру және тұрақтандыру мақсатында психологиялық қатынас теориясын қолдану қажеттілігі туындады. Ол үшін ЕББҚ оқушы жетістігін психологиялық қатынас теориясы аясында қамтамасыз ету туралы болжам жасалып, маңызы негізделді. Өзінің құндылығын сезінуден бастау алатын оң өзіндік баға ЕББҚ оқушының мектептегі оқуының табыстылығын арттырып қана қоймай, оның өмірлік жетістігінің кепілі болып табылатын дербестік дәрежесінің де қалыптасуын қамтамасыз етеді. Түпкі нәтижесі ЕББҚ білім алушының өзіндік болмысын барынша жарқыратып ашуға бағдарланған психологиялық қатынас теориясы ұзақ мерзімге арналған стратегиялық бағдар болып табылады.Қазіргідей кванттық секірістер кезеңінде А.Эйнштейн негізін қалаған салыстырмалылық теориясының (СТ) кеңістік-уақыттық континуумының өзектілігі аса жоғары. Әсіресе оның маңызы инклюзивті білім беру үрдісінде еселеп артады. Мақалада бұған дейін зерттелген жағдайлар негізінде, ЕББҚ баланың танымы мен мінез-құлығы арасындағы өзара байланысты орнықты ету үшін, психологиялық қатынас теориясын қолдану әдістемесі ұсынылды. Білім беру ұйымының оқу-тәрбие кеңістігінің негізіне психологиялық қатынас теориясының мақсатты түрде қалануының нәтижесінде, ЕББҚ оқушының өзіндік ерекшеліктері аясында сенімі бекіп, болмыспен арақатынасының жақсаруы артады. Мұндағы негізгі тәсіл –«Зейінді бағыттау» бола отырып, ол 4 аймақты қамтиды: қалыптасқан ахуал –ЕББҚ оқушы жағдайы; оған кеңістік, яғни орта мен уақыттың әсері; жағдайға ЕББҚ баланың өзінің қатынасы, сондай-ақ ахуалды кәсіби-мамандандырылған талдау дәрежесі. Зерттеу жұмыстары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Қ.А. Ясауиат. ХҚТУ), Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің (Батыс Қазақстан ИТУ), ғалымдарымен және практиктермен (мектеп мұғалімі) бірлесе отырып, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде (М.Х. Дулати ат. ТарӨУ) жүргізілді.