ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР АУРУЛАРЫ БАР ЖАСТАРДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР ЕРЕКШЕЛІГІ

2022

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.34689/sh.2022.24.3.011
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Кіріспе: Жүрек-қан тамырлары аурулары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады және қоғам денсаулығына үлкен үлес қосады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын 17,1 миллион адам инфаркт пен инсульт салдарынан қайтыс болады, және де бұл соңғы жылдары жастарда жиі кездеседі. Жұмыс мақсаты: Жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардағы медициналық - әлеуметтік факторларды зерттеу. Зерттеу материалы мен әдістері: Зерттеуге кездейсоқ әдіспен Семей қаласының емдеу мекемелерінде есепте тұрған 25-44 жас аралығындағы жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттер қатысты. Зерттеу дизайны – көлденең зерттеу. Зерттеу әдістері: әлеуметтік, статистикалық. Статистикалық критерийлерді таңдау талданатын айнымалылардың типіне байланысты болады. Номиналдық және дихотомиялық айнымалылар үшін Пирсонның Хи-квадрат және Фишердің дәл критерийі қолданылды. Реттік айнымалылар үшін Тау-c Кендалл критерийлері қолданылды. 0,05-тен аз p мәні маңызды болып саналды. Барлық талдаулар IBM SPSS Statistics 25 бағдарламасын қолдану арқылы жасалды. Зерттеу нәтижесі: Сауалнамаға 25 пен 44 жас аралығындағы жүрек-қан тамырлары аурулары бар 294 пациент қатысты. Олардың орташа жасы 38,4 жасты қамтыды. 105 (35,7%) ер адам, 189 (64,3%) әйел адам қатысты. Ұлты бойынша 219 (74,5%) қазақтар, 62 (21,1%) орыстар және 13(4,4%) басқа ұлт өкілдері кездесті. «Сіз жүрек-қан тамырлары аурулары емханасына/диспансеріне қаншалықты жиі барасыз?» деген сұраққа статусы бойынша p=0,001 болды, яғни зейнеткерлер мен жұмыссыздар басқаларынан қарағанда емханаға жиірек қаралған. «Сіз үнемі медициналық тексеруден өтіп тұрасыз ба?» деген сұраққа пациенттердің жынысы бойынша айырмашылықтар бар екенін көрсетті (p=0,050), яғни, әйел адамдар ер адамдарға қарағанда үнемі медициналық тексеруден өтіп тұрады екен. Қорытынды: Сонымен, жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардағы медициналық - әлеуметтік факторлар зерттелді. Сауалнама нәтижесі бойынша зейнеткерлер мен жұмыссыздар басқаларынан қарағанда емханаға жиі қаралған. Әйелдер ерлерге қарағанда үнемі медициналық тексеруден өтіп тұрады. Және толық емес орта және аяқталмаған жоғары білімділер басқаларынан қарағанда медициналық тексеруден үнемі өтіп тұрады. Ер адамдардың көбі әйелдерден қарағанда темекі көп шегеді, алкогольдік сусындарды жиі қолданады. Медициналық білімі бар пациенттер арасында темекі шегетіндер аз. Пациенттердің білімі жоғары болған сайын стресске аз ұшырайды. Introduction: Cardiovascular disease is an important medical and social problem and contributes to public health. According to the World Health Organization, 17.1 million people die each year from heart attacks and strokes, and in recent years it is more common among young people. Aim: To study the medical and social factors in young adult patients with cardiovascular disease. Materials and methods of the study: The study involved patients with cardiovascular diseases aged 25-44 years, registered in medical institutions of Semey city. Research design is a cross-sectional study. Research methods: social, statistical. The choice of statistical criteria depends on the type of variables being analyzed. Pearson's Chi-square and Fisher's exact test were used for nominal and dichotomous variables. Tau-c Kendall criteria were used for ordinal variables. A p- value of less than 0,05 was considered significant. All analyzes were performed using IBM SPSS Statistics 25. Results of the study: The survey involved 294 patients with CVD aged 25 to 44 years, with an average age of 38.4 years. 105 (35.7%) men and 189 (64.3%) women participated. By nationality, 219 (74.5%) are Kazakhs and 62 (21.1%) are Russians and 13 (4.4%) patients of other nationalities. To the question “"How often do you go to the cardiovascular clinic/dispensary?" p=0.001 according to the status, that is, retired and unemployed people visited the clinic more often than others. "Do you undergo regular medical examinations?" showed that there are differences in the sex of patients (p = 0.050), i.e. women are more regularly examined than men. Conclusions: Thus, the medico-social factors in young adult patients with cardiovascular disease were studied. According to the survey, retirees and the unemployed are treated more often than others. Women undergo regular medical examinations more often than men. And those with incomplete secondary and incomplete higher education are more often to undergo medical examinations than others. Most men smoke more than women and drink more alcohol. Among patients with medical education, there are few smokers.The higher the level of education of patients, the less stress they experience. Введение: Сердечно-сосудистые заболевания являются важной медико-социальной проблемой и вносят вклад в общественное здравоохранение. По данным Всемирной организации здравоохранения ежегодно от инфарктов и инсультов умирает 17,1 млн человек, причем в последние годы они чаще встречаются среди молодежи. Цель: изучить медико-социальные факторы у лиц молодого возраста с сердечно -сосудистыми заболеваниями. Материалы и методы исследования: В исследование были включены пациенты с сердечно-сосудистыми заболеваниями в возрасте 25-44 лет, состоящие на учете в медицинских учреждениях г. Семей. Дизайн исследования – поперечное исследование. Методы исследования: социальные, статистические. Выбор статистических критериев зависит от типа анализируемых переменных. Хи-квадрат Пирсона и точный критерий Фишера использовались для номинальных и дихотомических переменных. Критерии Taу-c Кендалла использовались для порядковых переменных. Значимым считалось значение р менее 0,05. Все анализы выполнялись с использованием IBM SPSS Statistics 25. Результаты исследования: В исследование участвовали 294 пациента с сердечно-сосудистыми заболеваниями в возрасте от 25 до 44 лет, средний возраст 38,4 года. Участвовали 105 (35,7%) мужчин и 189 (64,3%) женщин. По национальности 219 (74,5%) казахов, 62 (21,1%) русских и 13 (4,4%) пациента других национальностей. На вопрос «Как часто вы посещаете сердечно-сосудистую диспансер/клинику?» по статусу р = 0,001, т.е. чаще других мы видим пенсионеров и безработных в поликлинике. По вопросу «Вы проходите регулярные медицинские осмотры?» показал, что имеются различия по полу больных (р = 0,050), т. е. женщины более регулярно обследуются, чем мужчины. Выводы: Таким образом, изучены медико-социальные факторы у лиц молодого возраста с сердечно-сосудистыми заболеваниями. По данным опроса, чаще остальных лечатся пенсионеры и безработные. Женщины чаще, чем мужчины, проходят регулярные медицинские осмотры. А лица с неполным средним и незаконченным высшим образованием чаще других проходят медицинские осмотры. Мужчины больше, чем женщины, курят и принимают алкоголь. Пациенты с медицинским образованием меньше курят по сравнении с другими. Чем выше уровень образования больных, тем меньше стресса они испытывают.