Abstract
Мақалада Қазақстанның оңтүстіктігінің құрғақ және ыстық климатында майбұршақ дақылының өсуі мен дамуының әртүрлі фазаларында минералды, микроминералды тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларының әртүрлі нормаларымен үйлестіре отырып, суарудың және отырғызудың нақты мерзімдері, саны және схемасы эксперименталды түрде анықталды. Зерттеу барысында тәжірибе танабының екі метрлік тереңдік (0-200 см) топырақтың су және физикалық құрлымы кестеде келтірілген 2019 жылғы зерттеулер нәтижесінде алынған деректерге сәйкес топырақ қуыстылығы 41,8-42,8% құрады, шекті гигроскопиялық көрсеткіші 4,56-4,70 %, көлемдік массасы жер жырту қабатында 1,47-1,54 г/см3 деңгейінде өзгергендігі анықталды. Майбұршақтың вегатациялық өсіп-даму кезеңінде суару режимін 70-70-70 % ең төменгі ылғал сиымдылығы деңгейінде қалыпты ұстау үшін 8 рет суарылды. Сол кезеңдегі ауа райына байланысты кезекті суару 14-17 тәуліктен соң жүргізіліп отырды. Жалпы жұмсалған ағын су мөлшері 5450 м3/га құрады. Топырақ ылғалдылығын 70-80-70% ең төменгі ылғал сиымдылығы деңгейінде ұстап тұру үшін майбұршақ дақылының өсіп даму кезеңінде тоғыз рет суарылды- жалпы жұмсалған ағын су мөлшері 4600 м3/га болды. Ал, майбұршақтың вегетациялық кезеңдерінде жиналған ылғал қорының жинақталуы бойынша бір метр тереңдіктегі ылғал мөлшері 190,6-84,1 мм аралығында ауытқыды.