КРЕАТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ:ҚҰРАМДАСБӨЛІМДЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.83.3.002
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Соңғы жылдары креативті білім беру ортасын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады және оны жүзеге асыру мұғалімнен жаңа идеяларды, технологияларды, әдістер мен тәсілдерді меңгеруді қажет етеді. Зерттеудің мақсаты педагогика ғылымы шеңберіндегі креативтілік құбылысының мәні мен маңызын, сонымен қатар креативтіліктің білім беру ортасының құрамдас бөлігі ретінде білім алушының жеке басына әсерінталдау болып табылады. Зерттеу барысында авторлар креативтіліктің жан-жақты және көп өлшемді сипатын талдай отырып, оның құрамдас бөлігі креативті білім беру ортасын толық ашпайтынын анықтады. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығын құрады. Талдау білім алушылардың білім нәтижелері мен креативтіліктің тиімділігін қамтамасыз ететін креативті білім беру ортасы барлық қатысушыларды қамтитын физикалық қоршаған ортасы мен заттарына, субъектілер арасындағы тиімді коммуникация мен жайлы психологиялық ахуалға және белгілі бір білім нәтижесіне бағытталған әдістемелік-технологиялық қамту кешеніне байланысты. Бұл мәселелер креативті білім беру ортасының пәндік-кеңістік, әлеуметтік-коммуникативті, ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымдық компоненттерінің өзара байланысы мен әрекеттесуі ненігізде жүзеге асады. Зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңін біз бастауыш сыныпта креативті білім беру ортасын қалыптасты-рудың моделі мен психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтаумен байланыстырамыз.