КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЭТНОДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУМОДЕЛІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.83.3.024
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Көркем білім берудің алға қойылған міндеттері мен мәселелерін жүзеге асырудың тиімділігі студенттердің шығармашылық түрленуіне, өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін дамытуына, қоршаған шынайылықты сәндік-қолданбалытұрғыдан эстетикалық түрлендіруіне байланысты.Бұл қазіргі заманғы көркем білім беруде студенттердің рухани дүниетанымын этнодизайн негізінде қалыптастыруды өзектендіреді. Осыған байланысты зерттеуімізде «көркем білім беру», «дүниетаным», «рухани дүниетаным», «этнодизайн» ұғымдарының мазмұны маңызды болып табылады. Көркем білім беру мазмұны этнодизайн негізінде рухани дүниетанымын қалыптастыруда теориялық құзыреттілікті, практикалық көркемдік іс-әрекетте тәжірибе жинақтау, талдау және бағалау дағдыларын меңгеруді қамтиды. Мұнда көркем білім беру мазмұны студенттердің рухани дүниетанымын этнодизайн негізінде қалыптастыруда білімнің тұлғаның дамуы үшін маңызын түсінуіне, практикалық көркем іс-әрекетте қажетті дағдыларды меңгеруін, шығармашылықты өз өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауына мүмкіндік береді. Рухани дүниетаным –бұл дүниетанымдық іс-әрекетке қажетті дүниетанымдық қабілеттерінің, көркем-рухани білімі мен практикалық іскерлігінің кіріктірілген тұлғалық сапасы. Этнодизайн ұлттық дәстүрлі мәдениетке негізделген, одан мәнді мағыналар алып, оларды қазіргі мәдениет пен өнердің жаңа формаларында және қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өзекті етеді. Қазіргі заманғы этнодизайн негізіндегі көркем білім беру –бұл адам мен табиғи элементтер арасындағы қарым-қатынас, күрделілік дәрежесі әртүрлі жаңа мәдени жүйелердің алуан түрлілігін жасайтын уақыт пен кеңістіктің ерекше символы. Сондықтан этнодизайн көркем білім беру мен көркем мәдениеттің бір бөлігі және затты этномәдени кеңістікте жобалау іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады.