М.О. Әуезов және түркі әлемі

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-148-3-147-159
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада М.Әуезовтің шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан түркі мәдениеті мен түркі халықтарына ортақ рухани қазыналарды бүгінгі уақыт талабына сай зерттеу мәселелері сараланады. МұхтарӘуезовтің қырғыздың «Манас» эпосы жайында әр жылдары жазған ғылымитеориялық зерттеулері, қолжазба күйінде қалдырған мол мұралары, эпостың тілдік ерекшеліктері қарастырылады. Көрнекті суреткер, академик М.Әуезов әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті арналарының бірі болып табылатын көркемдік кеңістікте жаңа көзқарастар, тың сараптамалар, ғылыми теориялық тұжырымдар тұрғысынан талданады. Әдебиеттану ғылымындағы «Мұхтар және Манас» деген ұланғайыр тақырыпты осы күнге дейін тереңдей зерттеп, көрші жатқан екі елдің әдеби шығармашылықбайланысын тереңдей талдаған арнайы зерттелген еңбектер жоқтың қасы.Тіпті екі елді елдестіріп, ортасына алтын көпір салған Мұхтар Әуезовтің өзге емес, тек «Манасқа» қатысты құнды зерттеулері де тарихи тұрғыдан айтылғаны болмаса әрбір еңбектеріне егжей-тегжейлі аналитикалықталдаулар жасалып, ондағы ғылыми ойлардың қос елдің руханиятына қатар қосылар құндылығы өз деңгейінде жете зерттеліп, айтылмады. Түркі дүниесіне, мәдениеті, әдебиетіне ортақ М.Әуезовтің ғылыми мұралары өзіндік өрнегімен қайталанбас құбылысқа айналған халық ауыз әдебиеті, ауызша поэзиясы, фольклорлық мұралары түркі халықтарына ортақ рухани құндылықтар ретінде зерделенеді. Зерттеудің негізгі бағыттарына Әуезовтің мәдениетаралық ықпалын, өзге түркі жазушыларымен байланысын, ұлттық,мәдени диалог туралы идеяларын зерттеу кіреді. Жұмыстың ғылыми, практикалық маңыздылығы Әуезовтің түркі халықтары арасындағы әдеби көпір ретіндегі мәдени мұраларын сақтауға және дамытуға ықпал ететін рөлін түсінуді тереңдету болып табылады.Зерттеу нәтижелері Әуезовтің шығармашылығы түркі халықтарыныңмәдени бірегейлігіне терең әсер етіп, оның қазіргі түркі әдебиеті үшін маңыздылығын көрсетеді. Жұмыстың құндылығы жазушының түркология мен мәдениеттануға қосқан үлесін, мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін айшықтайды.