Abstract
Мақалада қазіргі кездегі ғылыми сыйымды экономиканың еліміздегі әлеуетінің деңгейі бағаланған. Ғылыми сыйымды экономика ұғымы зерделенген және нақтыланған. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі ғылыми сыйымды және білім экономикасын жетілдірудің өзектілігі дәлелденген. Ғылыми сыйымды және білім экономикасының мәні мен экономикалық дамудағы маңызын анықтау үшін қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектері мен көзқарастарына шолу жасалған. Жаһандық білім экономикасының дамуы рейтингтеріндегі Қазақстанның орны зерделенген. Еліміздегі ғылыми сыйымды экономиканың әлеуеті мен дамуының деңгейін анықтау үшін макроэкономикалық көрсеткіштер жүйеленген. Білім экономикасын және ғылыми сыйымды экономиканы бағалаудың әдістемесі мен әдістерін қалыптастыру үшін ғалымдардың еңбектері зерделенген. Негізгі көрсеткіштер талданып, дамудың қазіргі жағдайына бағалау жүргізілген. Бағалау нәтижелері арқылы ғылыми сыйымды экономиканы қалыптастырудың негізгі мәселелері анықталған. Осы мәселелерді ғылыми және практикалық тұрғыда шешу жолдары ұсынылған. Сонымен бірге, еліміздегі ғылыми әлеуетті қолдану бойынша экономиканың негізгі салалары көрсетілген. Салалардағы ғылыми сыйымдылықтың артуы бойынша мысалдар келтірілген. Бағалау нәтижелеріне талқылау жүргізіліп, ғылыми әлеуетті арттыру және ғылыми сыйымды экономиканы тиімді қалыптастыру бойынша қосымша ұсыныстар жасалған.