ҚАРАМА-ҚАРСЫ МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ СТИЛЬДЕГІ МӘТІНДЕРДЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.3.74.018
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктердің лингвостилистикалық қызметін талдау мақсатында жазылған. Мақалада қазақ тіліндегі қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктердің түрлі стильдердегі қызметі сараланады. Стильдің түрлеріне жіктеме жасалып, стилистикалық қызмет терминіне анықтама беріледі. Қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктердің түрлі стильдерде қаншалықты дәрежеде қолданылып жүргендігі, оның қай стильде де ойды ұтымды жеткізуге қызмет атқара алатындығы мысалдар арқылы дәлелденеді. Негізгітұжырымдар антонимдер жиі қолданылатын көркем, жарнама, публицистика мәтіндерін талдау арқылы жасалады. Бұқаралық қарым-қатынас жүйесіндегі қарсы мәнді тілдік құралдардың тілдік әсері қарастырылады. Зерттеудің мaқcaты –қaрaмa-қaрcы мaғынaлы тілдік бірліктердің лингвocтилиcтикaлық қызметін талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу әдістері ретінде талдау, саралау, жаппай іріктеу әдістері қолданылған. Зерттеу нысаны ретінде қазіргі қазақ прозасы мен «Егемен Қазақстан» газеті материалдарындағы, жарнама мәтініндегі қарама-қарсы мәнді сөздер алынған. Олар стилистикалық және прагматикалық қызметі бойынша талданады. Зерттеу нәтижесінде әртүрлі стиль мәтіндеріндегі қарама-қарсы мағыналы тілдік бірліктердің прагматикалық, стилистикалық қызметтері контрасқа негізделген стильдік фигуралар тұрғысынан айқындалады.Стильдік фигураларды анықтау тілдік бірліктерді ұтымды қолдана білуде маңызды.Зерттеудің ғылыми мaңыздылығы: мақалада келтірілген тұжырымдaр қaзaқ тіл біліміндегі aнтoнимдер теoрияcы, лекcикoлoгия, cтилиcтикa caлaлaрын ғылыми тұрғыдaн тoлықтырaды. Зерттеудің теoриялық қoрытындылaры тіл мен oйлaу, тіл мен cөйлеудің өзaрa қaрым-қaтынacын, қaрaмa-қaрcы тілдік бірліктердің лингвocтилиcтикaлық қызметін түcінуге үлеc қocaды. Зерттеу нәтижесінде алынғанмaтериaлдaрды антонимдік сөздік құрастыруда, осы бағыттағы зерттеулер мен дәрістерге практикалық материал ретінде пайдалануға болады.