ANALYSIS OF CATALYSTS USED IN SULFUR PRODUCTION AT ZHANAZHOL GAS PROCESSING PLANT (ZHGPP)

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t77.n3.04
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі уақытта табиғи газ әлемнің көптеген дамыған елдерінің отын-энергетикалық балансының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ірі газ конденсатты кен орындарын игеру барысында газ құрамында күкіртінің көп болуы кедергі келтіреді, әсіресе қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша экологиялық стандарттар қатаңдатылуына байланысты қышқылды газдар терең тазартуды талап етеді. Мәселенің маңызды аспектісі сонымен қатар технологиялық газдарды терең тазарту қажеттілігі болып табылады. Сәйкесінше қышқылды компоненттерді азайту немесе жойып жіберу арқасында өндірілетін өнімнің сапасы үнемі артып отырады. Термодинамикалық шектеулерге байланысты күкірт қосылыстарының конверсия тереңдігі 100%-ға жетпейді және, әдетте, қалдық газдармен бірге 0,5-1,0% күкіртсутек бөлінеді, содан кейін Клаус қондырғыларының "қалдық" газдарын қосымша тазарту қажеттілігі туындайды. Күкіртсіздендіру процесін дамыту қолданыстағы дәстүрлі қондырғы технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан жаңа катализаторлар мен адсорбенттерді синтездеу мәселелері белсенді түрде зерттелуде, күкірт диоксидін тазарту процестеріне қол жетімді және арзан материал ретінде темір оксиді катализаторын енгізу мәселелері қарастырылуда. Құрамында темірі бар катализаторларды H2S тотығуына сынау барысында элементтердің өзара әрекеттесу сипаты мен морфологиясы анықталды.