ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТЕАТР ӨНЕРІ: ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2024.07.14
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аңдатпа.Мақалада ұлттық бірегейлікті әспеттейтін бірден бір мәдени орта театр болғандықтан,Қазақстан мен Түркияның театр өнерін салыстырып, ұлттық құндылықтар мен ұлттық бірегейлікті бейнелейтін театр символдары мен құралдарын айғақтадық. Сонымен қатар, екі елдің театрлары арасындағы сабақтастық зерттеліп, салыстырмалы талдау жүргізілді. Қазақстан мен Түркияның дәстүрлі театр өнерінің шығу тарихы мен ерекшеліктері талданып, олардың түрлері жанр бойынша бөлініп қарастырылды. Атап айтқанда, «қаракөз», «медда», «орта ойыны», «комедия», «трагедия», «драма», «sound драма» сынды қойылымдардың жанрлық түрлеріне талдау жүргізілді. Ғылыми мақала қазақ театры мен түрік театр элементтерінің ортақ ерекшеліктерін анықтау, бейімдеу және трансформациялауды мақсат етеді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қазақ және түрік театр өнерінің бір-бірімен мәдени және ұлттық сабақтастықтары айқындалып, театр өнері әлеуметтік институт ретінде ұлттық бірегейлікті әспеттейтін орта ретінде сараланды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы екі ел арасындағы мәдениеттер мен театр дәстүрлерінің өзара әрекеттесуін түсінуді кеңейтуге қызығушылық тудырды.