Abstract
Мақала ділдік лексиконның сипаттамасы мен тіл үйрету әдістемесі арасындағы ортақ тұстарды, ділдік лексиконның тіл үйретудегі орны мен маңызы, оның құрылымы және сөздік қордан айырмашылықтары жайлы ақпаратты қамтиды. Ділдік лексиконның лексикалық желілермен, ассоциативті топтармен арасындағы тығыз байланысты ашып көрсетеді. Мақаланың әдісі ретінде сипаттамалық әдіс таңдалды. Соның негізінде «Жаңа сөздерді жаттау қалай жүзеге асады?», «Олар сөздік қорға қалай енеді және белсенді қолданысқа қалай түседі?», «Сөздердің сөйлеуге айналуына қандай үдерістер көмектеседі?» секілді өзекті сұрақтарға жауап береді. Әртүрлі ғылым салаларымен байланыста қарастырылатын ділдік лексиконның отандық және шетел тіл білімінде зерттелуі жайлы айтылады. Оның тіл үйретудегі ерекшеліктерін санамалап көрсетеді және негізгі қағидаларын айқындайды.