АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 2017-2022 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДИНАМИКАДАҒЫ ГЛАУКОМАДАН МҮГЕДЕКТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2023.79.35.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақала Ақтөбе облысында 2017-2022 жылдар аралығындағы глаукома салдарынан мүгедектік көрсеткіштерінің динамикасын талдайды. Аталған мәселені түсініп, мүгедектіктің алдын алу мен басқарудың тиімді стратегияларын даярлау науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту және аурудың әлеуметтік-экономикалық әсерін азайту үшін өте маңызды. Мақала глаукомамен салдарынан болған мүгедектіктің әртүрлі аспектілерін ұсынады және глаукомамен ауыратын науқастардың өмірін жақсарту үшін ерте диагностиканың, емдеудің және әлеуметтік қолдаудың маңыздылығына назар аудартады. Зерттеу мақсаты. 2017 — 2022 жылдар аралығындағы Ақтөбе облысының тұрғындары арасында глаукома бойынша мүгедектік көрсеткішін зерттеу және глаукома салдарынан мүгедектіктің алдын алудың тиімді стратегияларын ұсыну. Зерттеу материалы мен әдістері. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінен 2017-2022 жылдар аралығында «глаукома» диагнозы салдарынан болған мүгедектер саны туралы мәліметтеріне ретроспективті зерттеу жүргізілді. Ақтөбе облысының 2017-2022 жылдар аралығындағы глаукома себебінен глаукома патологиясы бойынша мүгедектік топтары, біріншілік мүгедектік көрсеткіштері, мүгедектердің жасы, жынысы, білім деңгейі, куәландыру мақсатына талдау жүргізілді. Нәтижелер: Ақтөбе облысының ересек тұрғындарының мүгедектік құрылымында көру органдарының патологиясы арасында глаукома жетекші орын алып отыр. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында глаукома салдарынан болған мүгедектердің едәуір бөлігі негізінен глаукоманың бірінішілік ашық бұрышты түрі бар ер адамдар, көп жағдайда мүгедектіктің I немесе II тобы, бастауыш, орта немесе арнаулы орта білімі бар зейнеткерлер болып табылады. Талқылау: Көру мүшесінің салдарынан болған мүгедектіктің көрсеткіштері офтальмологиялық көмекті оңтайландыру және мүгедектерді оңалту жөніндегі шараларды әзірлеу үшін ақпараттық база болып табылады. Қайта куәландыру кезінде глаукома бойынша мүгедектіктің ауырлығының күшеюі оңалту іс-шараларының шамалы тиімділігін көрсетуі мүмкін, осыған байланысты көру органының патологиясы бар мүгедектердің денсаулығы мен әлеуметтік мәртебесін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған белсенді емдеу-оңалту іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туындайды. Амбулаториялық-емханалық буындағы глаукоманы ерте диагностикалау іс-шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі бойынша жұмысты күшейту қажет. Жоғарыда айтылғандардың барлығы глаукоманы ерте анықтауға, халықтың динамикалық мониторингін дамытуға, науқастарды заманауи медициналықхирургиялық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу қажеттілігін тудырады.