Abstract
Мақалада қазақ телевизиясының технологиялық жаңару ке- зеңдері қарастырылып, технологиялық жетістіктердің хабар тарату са- ласына әсері мен эволюциясы сипатталады. Тарихи контекст пен нақты кезеңдерді талдау арқылы зерттеу – бұқаралық коммуникация саласын- дағы инновацияның негізгі кезеңдерін көрсетеді. Зерттеуде үш негізгі кезең қарастырылған: телевизиялық технологи- яның кеңестік дәуірдегі алғашқы енгізілуі, тәуелсіздік жылдарында ұлт- тық телевизияның дамуы және цифрлық хабар таратуға көшу, цифрлық трансформация стратегиялары арқылы жүргізілген соңғы жетістіктер. Әрбір кезең Қазақстандағы кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді көрсететін бірегей қиындықтар мен жетістіктермен сипатталады. Қазақ телевизиясының мазмұнының жаңаруы, әлеуеті мен бағдарла- маларының сапасының өсуі де техникалық прогреспен және қоғамның әлеуметтік сұранысымен сәйкес келеді. Кеңестік кезеңдегі отандық теле- визиядағы қиындықтар мен тәуелсіздіктен кейінгі қоғам мен журнали- стерге берілген сөз бостандығы сол кездегі телебағдарламалардан көрі- неді. Осының бәрі мақалада технологиялық жаңарудың әрбір кезеңіне байланысты бірегей қиындықтар мен жетістіктер түрінде қарастырыл- ды. Жаңару кезеңдеріне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлар, олардың қазақ телевизиясының болашағына ықпалы талқы- ланды. Қорытынды тұжырымдар қазақ телевизиясындағы технологиялық прогрестің динамикалық сипатын анықтайды, үнемі өзгеріп отыратын медиа-ортада саланың өзектілігі мен бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін үздіксіз инновациялардың маңыздылығын көрсетеді.