Қазақ тілі белсенді лексикасында сақталған көне түркі есімше жұрнақтары

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2024-3-139-158
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі қазақ тілінде қазақ тілінің грамматикалық нормаларына тән емес, бірақ көне түркі тіліне және қазіргі кейбір түркі тілдеріне тән морфологиялық формалар кездеседі, олардың қатарына -асы, -аған, -ажақ, -арман есімшелік тұлғалар кіреді. Мақалада осы форма түзуші аффикстердің қолданыс тарихы және кейбір жағдайларда олардың түркі тілдерінде лексикалануы ескеріле отырып, «-мыш» аффиксінің фонетикалық тұлғалары мен семантикасының даму тарихына назар аударылады. -Мыш тұлғасы -bïs (-быс), -bït (-быт) деген ежелгі праформадан бастау алады, соңғысы якут тілінде сақталған. Көне түркі тілінде -мыш жұрнағы белгісіздікті білдіретін бұрынғы өткен шақ мағынасын үстеп, руникалық ескерткіштер мен ерте орта ғасырлардағы түркі жазба мұраларында белсенді қолданылған. Тарихи даму процесінде -mïš аффиксі кейінгі орта ғасырлар мен қазіргі түркі тілдерінде есімше немесе етістіктен есімдену процесіне өтіп, субстантивтенеді. Бұл процесс қыпшақ тілдер тобында, әсіресе қазақ тілінде көрініс тапты. Ал оғыз тілдерінде «-мыш»-тың грамматикалық мағынасы сақталып, аффикс өткен шақ және есімше қызметінде өнімді морфологиялық форма болып жұмсалуда. Қазақ тілінде аффикс өнімсіз жұрнақтар қатарына кіреді, дегенмен ол жазмыш, аталмыш, озмыш секілді түбірі бөлек ажыратыла бермейтін, бұрыннан қалыптасқан сөздердің құрамында кездеседі. Сонымен қатар, қазақ тілінде заттанып, есім тудырушы сөзжасамдық аффиксіне айналды: тұрмыс, болмыс, қылмыс, оқымысты. Мұнымен бірге белгісіздікті білдіретін өткен шақ қызметінде aйтыпты-мыс, бaрыпты-мыс; көріпті-мiс мысалдарындағы -мыс тұлғасын көне түркі тілінің қазақ тіліндегі элементі деп қарастыруға болады.