Abstract
Экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту және республиканы терең декарбонизациялау үшін негіз болып табылатын Қазақстан экономикасы секторларының бірі ретінде экологиялық туризм саласының цифрлық трансформациялаудың нормативтік-құқықтық реттеу мәселеле- рін қарау қажет. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, перспективаларға, тұрақтылық пен орнықтылыққа және халықаралық міндеттемелерге сәйкес «жасыл» экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде экологиялық туризмді дамыту айқындалған, сонымен қатар, бұл саланы заман талабына сай цифрландыру үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып сабақтастықта дамыту, шешілмеген түйінді мәселелерін зерттеу аса маңыздылыққа ие. Зерттеудің негізгі идеясы индустрияның жаңа жаһандық сын-тегеуріндері мен трендтері жағдайында экологиялық туризмді цифрландыруды құқықтық реттеудің тиімді құқықтық құралдарын әзірлеу тұрғысынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жай-күйін терең ғылыми-құқықтық талдаудан тұрады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы экологиялық туризмді реттеудің құқықтық проблемаларын кешенді зерттеу. Мақалада экологиялық туризм саласын цифрлық трансформациялаудың жай-күйі сипаттала отырып, цифрлық технологияларға енгізілген туристердің дербес деректерінің құпиялылығын сақтау мәселесі зерттелген.