Abstract
Қазақстандабілім беру шеңберінде айқындалған білім беру нәтижелеріне қол жеткізудегі басқарудың инновациялық әдістерінің рӛлі мен маңыздылығын талқылайтын бұл зерттеу басқарудың инновациялық әдістерінің Қазақстанның ортабілім беру жүйесіне әсерін анықтауға бағытталған. Зерттеу теориялық әдістерді қолдана отырып, тәжірибеде сауалнамамен бірге жүргізілді. Зерттеуде шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің мектепті басқару және орта білім беруді стандарттау жӛніндегі теориялық және практикалық қосымшалары, тұжырымдамалық тәсілді пайдалана отырып мұғалімдердің инновациялық қызметі ескерілді және Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті білім беру үдерісінде инновациялық үрдістерді үздіксіз басқару қажеттілігі анықталды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі айқындаған жалпы орта мектептегі білім беру стандарттарының шеңберінде қазақстандық мұғалімдер мен әкімшілердің білім беру үдерісін жақсарту жӛніндегі пікірлері мен ұсынымдары сауалнаманың кӛмегімен айқындалды.