Abstract
Бұл мақала ұлттық кӛркемсӛз ӛнеріміздегі ―алыптар тобының‖ ӛкілі Ғабиден Мұстафин шығарма-шылығын қарастыруға арналған. Нағыз ӛмір шындығы, халық тағдырының белгілі бір тарихи кезеңдегі шынайы кӛрінісі болған, сол кездегі тұрмыс-тіршілігін шыншылдықпен жеткізген шығармаларынашолу жасалды. Ғылыми мақаланың мақсаты –Ғабиден Мұстафин кейіпкерлерінің бойынан адамгершіліктің, іскерліктің, жауапкершіліктің, нағыз еңбек адамына тән қасиеттердің, ӛзара қарым-қатынастағы адалдықтың осы тәрізді небір үлгілерін кӛрсету. Зерттеудің ӛзектілігі сан тарау психологиялық тартыстар, әлеуметтік қақтығыстарды кӛрсету арқылы жазушының шығармашылығын зерттеумен расталады. Мақалада ғылыми мәселенің дамуына үлес қосылды, яғни қаламгердің әр шығармасында ең алдымен туған халқының шынайы ӛмірі, тарихитағдыры кӛрінуі, оның болашаққа, жаңалыққа, жақсылыққа деген қуатты ұмтылысының сомдалуы, қарапайым да қаһарман еңбек адамының тұлғасы мүсінделуі, бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы мен жаңалығын негіздейді. Практикалық құндылығы мақаланың материалдарын курстарда, әдебиетті зерттеу факультативтерінде, филология ғылымдарының қазіргі заманғы мәселелерінде және т.б. пайдалану мүмкіндігіне байланысты.