Abstract
Мақалада әдебиеттанушы ғалым, педагог, ақын, жазушы Т.Н.Рахымжановтың «Күй аты –Дайрабай» повесіндегі ұлттық құндылық –күй өнерінің құдіреті, өнер адамыныңбойындағы даралық сипаттары мәтіндік талдаулар негізінде талданады. Повестегі бас кейіпкер Дайрабайдың күйшілік ғұмырындағы әлеуметтік қайшылықтар, оның күйшілік келбеті, сонымен бірге, өнер иесі тағдырының өмірлік шындығын көркем шындыққа айналдыру жолындағы жазушы шеберлігі мәселесі тарқатылады. Соның негізінде повестің көркемдік, эстетикалық негізін зерделеу де басты назарда ұсталған. Күйшінің тарихи тағдыры арқылы бойындағы даралық сипаты сараланып, зерделенумен бірге, жазушының ұстанымы мен позициясы да айқындалады.