Abstract
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің нашарлауы қоғамдағы күрделі мәселеге айналды. Арнайы орталықтар менмамандарға жүгінетін ата-аналардың саны жылдан жылға артып келеді. Зерттеудің мақсаты –баланың дамуында тиімділікке қол жеткізуге ықпал ететін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сөйлеуді түзету саласында ақпараттық жүйені құру қажеттілігі. Бұл мәселені шешу үшін қазақ тіліндегі жаңа қосымша әзірленді.Мақалада сөйлеу тілі бұзылған балаларға қазақ тілін оқыту жүйесін құру әдістемесі, соның ішінде қазақ тілінің синонимдер сөздігі қарастырылған. Синонимдер сөздігі баланың деңгейіне қарай сөздік қорын молайта отырып, дұрыс және ана тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ұсынылып отырған тәсілдің жаңалығы қазақтіліндегі мәтіндердегі мағыналық жағынан ұқсас сөздерді анықтауында. Бұл жұмыс логопедия саласындағы жаңа педагогикалық жүйені автоматтандыруға ықпал етеді.