ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХИМИЯ ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ РӨЛ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.80.2.006
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Берілген мақалада қазіргі таңдағы маңызды болып табылатын тақырыптардың бірі қарас-тырылған. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы химия-биология таңдау пәні ретінде таңдаған оқушылар саны 19% болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 17.5% болған.Мақалада мектеп оқушыларына, оның ішінде жоғары сынып оқушыларына қатысты химия пәнінен элективті курстар өткізудің тиімділігі, маңызы және күтілетін нәтижелері туралы қарастырылған. Элективті курстар бойынша білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес қазіргі заман талабынасайтехнологиялардыдұрыспайдаланаотырып,оқушыларғасапалыбілімберудегі теория мен практиканың артықшылықтары талданып сипатталған. Химия пәніне деген қызығушылықтыарттырудағыэлективтікурстардыңрөліменорныайқындалыпжазылған.21 ғасырда жаңа білім беру парадигмасы пайда болуда, оның мәні негізгі екпінді оқушылардың дайын білімді меңгеруінен жаңа білім алу, меңгеру процесін өз бетінше құру қажеттілігі мен қабілетін қалыптастыруға ауыстыру болып табылады. Сондықтан, осыған байланысты мәселелер талқыланды. Ал, тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құрылымы, оның әдістері мен формалары бойынша қазіргі даму кезеңіндегі жалпы білім берудің мақсаты –күнделікті, кәсіптік және әлеуметтік өмірдегі әртүрлі мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін көп функционалды құзіреттілікке ие, еркін, гуманистік бағдарды да таңдауға және жеке интеллектуалдық күш-жігерге дайын тұлғаны қалыптастыруға қажет ақпараттарды қамтиды. Зерттеу жұмысында барлық ақпараттарға сүйене отырып, 9-сынып оқушыларына эксперимент жасалып, арнайы бағдарламамен әзірленген элективті курс жүр-гізілді. Элективті курстың оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып білім беру артықшылығын көрсетеді. Элективті курсты оқушыларға жүргізу арқылы білім алушы-лардың химия пәнінен білім деңгейлері мен қызығушылықтарының төмен болу себептері анықталды.